Психологиялық көмек көрсетіледі

0 30

Елорда тұрғындары коронавирус сұрақтарымен психологиялық көмекке жүгіне алады. Қала әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-ның мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады. Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге жұмылдырылады.

«Қала тұрғындарында КВИ бойын­ша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын» деді басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша жұмыс халыққа әзір.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × five =