Прокуратурамен бірлесіп тексереді

0 67

Алдағы уақытта іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізбейтін астаналық мекемелерді тексеруге Тілдерді дамыту басқармасына қалалық прокуратура органы көмектеседі. 

«Басқарма өткен жылы Қазақстан Рес­­пуб­­ли­­ка­­сын­дағы «Тіл туралы» Заң­ талаптарының сақталуын тексеру жө­­нін­­­де­ рейд­тер жүргізді. Осы шара ая­сын­­да­ мем­ле­кет­тік­ мекемелердегі іс-қа­ғаз­да­ры­ның жүргізілуін қарас­тыр­дық. Ал­ай­да, сауда орындарына­ жә­не­ басқа да рес­пуб­ли­ка­лық­ ны­сан­дар­ға Басқарманың тек­се­ру жүр­гі­зу­ге құқығы жоқ. Осыған байланысты­, 2012 жылы прокуратурамен бірігіп жұ­мыс­ істеу туралы бірнеше рет өті­ніш­ білдірдік. Прокуратура өтінішті қа­на­ғаттандырды. Ақпан айынан бас­­тап­­ Са­ры­­ар­қа ауданының прокуратурасымен бір­лескен тексеру жұ­мыс­та­рын­ бастап кет­тік.­ Ал­ма­ты және Есіл аудандарының прокуратураларымен­ бірге таяу күндер­де­ жұмыс одан әрі жал­ға­са­ды», – дейді Тілдерді дамыту бас­қар­ма­сы­ның бас­ты­ғы­ Ербол Тілешов.

Басқарма бастығының айтуынша, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің, қала әкімінің, Тілдерді дамыту басқармасының сайтына­ аза­мат­тардан тіл заңнамасының бұзылуы жөнінде ар­­ыз­дар­ келіп түседі. Ал­да­ғы уақытта Бас­қар­ма­ осы түскен арыздар бойынша про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­ле­рі­мен­ бірге тексерулер жүр­гізеді.
Тағы бір айта кетер жайт, Ономастика туралы заңға өзгерістер мен то­лық­ты­ру­лар енгізілді. Онда Тіл туралы заң­ның­ бұ­зы­луы­на байланысты айыппұл салу мә­се­ле­сі қарастырылған. Заңды бір­інші рет­ бұзған мекемеге 10 АЕК, келесіде 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Одан әрі 50 АЕК мөлшерінде жау­ап­кер­ші­лікке тарту қарастырылған. Ең со­ңын­да мекеменің бірінші басшысына әкім­шілік жаза қолданылады.

Бұл қабылданған шаралар Тіл ко­ми­те­ті­нің қолына едәуір пәрмен беріп отыр. Ендігі жерде олар заң бұзғандармен ба­р­ын­ша қатаң түрде жұмыс жүргізетін болады.

Е.СӘТІМБЕК, Е.ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =