«Profit» аула клубы ашылды

0 23

Бас қалада 22-аула клубы жұмысын бастады. В.Бартольд, 54 мекенжайында орналасқан спорт нысанында джиу-джитсу, каратэ, қазақша күрес, бокс, жауынгерлік самбо, дзюдо, қоян-қолтық күрес, таэквондо, хореография, йога, у-шу және өзін-өзі қорғау секілді спорт үйірмелері бар. Аула клубтары жасөспiрiмдердiң бос уақытын тиiмдi өткiзуге бағытталған әлеуметтiк маңызды жоба болып табылады.

Өскелең ұрпақтың әлеуметтiк жағдайын арттырып, елiне лайықты азамат етiп қалыптастыру – мемлекетiмiздiң жастар саясатының алға қойған басты басымдықтарының бiрi. Осы мақсатта құрылған аула клубтары жұмысы жемiстi нәтижесiн беруде. Әл-ауқаты төмен отбасылардың балалары үшiн үлкен көмек. Олардың бос уақыттары тиiмдi ұйымдастырылып, әртүрлi үйiрмелер тегiн жүргiзiледi. Аула клубтарының тағы бiр ерекшелiгi – балалар тұрғылықты жерiнен алысқа бармайды. Өзi өскен жерiнде қоғамның бiр бөлшегiндей өзiнiң қажеттiгiн түсiнедi. Аула клубтарының санын арттырудағы себеп осы болса керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − four =