Президенттің жұмыс жайын жариялады

0 19

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Тоқаевтың тоғыз айдан бергі жұмысы жайын­да брифинг өткізді.Мемлекет басшысы жыл басынан бері халықаралық іс-шаралар бойынша 12 елге сапармен барды. Оның ішінде Өзбекстан, Қытай, Қырғызстанға мемлекеттік сапармен, Ресей мен Германияға ресми сапармен, ал жұмыс сапарымен Ресейге екі рет және АҚШ, Қырғыз­стан, Тәжікстан, Түрікменс­тан, Арменияға барған.
Қазақстан Президенті 9 халық­аралық жиынға қатысты.
Жалпы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 463 шара өтті.
Сонымен қатар баспасөз хатшысы ҚР Президентінің ел ішінде атқарған жұмысына тоқталды.
«Ел ішіндегі атқарған шаруаларына тоқталар болсақ, Мемлекет басшысының қатысуымен 463 шара өтті. Қасым-Жомарт ­Кемелұлы еліміздің аймақтарына 25 рет жұмыс сапарымен барды. Кейбір облыстарға тіпті екі рет барғанын білесіздер. ­Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР ­Президенті қызметіне кіріскен сәттен бері 239 мемлекеттік органның басшыларын, Парламент депутаттарын, саяси партиялар мен қауымдастық өкілдерін және жеке тұлғаларды қабылдады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 31 елдің басшысымен телефон арқылы сөйлесті» деді Берік Уәли.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды