ПРЕЗИДЕНТТІК ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

0 543

Өткен сенбі күні Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионында мемлекеттік қызметшілер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының атындағы спорттың жазғы түрлері бойынша тест тапсырды.

Бүгінде әдемі дәстүрге айналған айтулы шара ел ішінде кең өріс алған. Оған барлық мемлекеттік қызметкерлер белсенді атсалысады. Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов сөз алып, спорттың бұқаралық түрін дамыту

– Mемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі екенін жеткізіп, жиналғандарға ізгі лебізін білдірді.
Президенттік сынақ бірнеше жас топтарына бөлінген. Айталық, 24-39 және 40-49 жас аралығында қызметкерлер спорттың 7 түрі бойынша шеберліктерін көрсетсе, 50-59 және 60 жастан жоғары кісілер 6 түрден сынақ тапсырды. Бағдарлама аясында мемлекеттік қызметкерлер күш атасы атындағы Орталық стадионда жеңіл атлетика мен гимнастикадан бақ сынасып, «Алау» мұз айдынында пневматикалық қарудан нысана көздеді. «Қазақстан» спорт сарайында жүзуден жарысты. Президенттік сынақ 12 тамызға дейін жалғасады. Спорттық шараның нәтижесі кешенді тестілеу бағдарламасы аяқталғаннан кейін жарияланады.

А.ҚҰСАЙЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − eight =