Президенттік кадр резерві іріктеледі

0 20

Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жалғасуда. Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу жүргізіледі. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 үміткер мемлекеттік сектор үшін резервке алынады.

DAR04977
DAR04984
DAR04996
DAR05004
DAR05013
previous arrow
next arrow

Биыл Мемлекет басшысының тапсыр­масына сәйкес Президенттік жастар кадры резервіне екінші іріктеу басталды. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 үміткер мемлекеттік сектор үшін резервке алынатын болады. Осы жылдың 1 қыр­күйегінен бастап құжаттар қабылдау басталды. Ол үшін үміткерлер арнайы әзірленген платформада (pkrezerv.kz) құжаттарын онлайн режимде тапсыра алады. Үміткерлерге қойылатын басты талап – 35 жастан аспаған, кемінде бес жыл өтілі бар, жоғары білімді, сол сияқты мемлекеттік тілді кем дегенде орта деңгейде меңгергені туралы сертификаты болуы керек» деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен.

Резервте болу мерзімі – 3 жыл. Оны бос мемлекеттік лауазымға тағайындау үшін құзыреттер жиынтығы ескеріліп, жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асады. Айта кету керек, резервке қабылдау мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді.
Резервке алу үшін үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтуі керек. Оның ішінде:
1) Күрделі санмен жұмыс істеу қабілетін бағалау және мәтіндік ақпарат;
2) ахуалдық міндеттерді шешу;
3) құзыреттерді бағалау;
4) сараптама комиссиясында әңгімелесу;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы.
Көптеген кезең онлайн режимде өтеді. Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы рекрутинг процесі талап етілетін білімді, дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар үміткердің шынайы мотивіне, бағдарына баға беріледі. Мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + ten =