Президент тапсырмасы орындалды

0 17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға, емделуге пайдалану туралы шешімін жариялағаны мәлім.«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы 2021 жылы өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалана алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын» деп мәлімдеді Президент Үкімет пен Ұлттық банкке нақты тапсырма беріп.
Міне, жыл соңына жетпестен Президент тапсырмасының орындалғаны мәлім болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли баяндады. «Жолдау-2020. Президент тапсырмасы айтылды – орындалды: 761 мыңнан астам салымшы өз жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік алды. БЖЗҚ салымшыларының арнайы шоттарына 1,2 трлн теңгеден аса қаражат аударды. Соның ішінде: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға шамамен 1,187,трлн теңге; емделуге – 4,6 млрд теңге, зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы 1230 өтініш орындалып, шамамен 2,8 млрд теңге компанияларға аударылды» деп жазды баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − one =