Президент тапсырма берді

0 27

Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрінің есебін тыңдады.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды. ­Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастық­ты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.
Сонымен қатар Президент Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық банктегі алтын-валюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды. Сондай-ақ Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді. 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамы ұсынылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады. Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × three =