«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Президент Семей халқымен кездесті

0 123

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Семейге барып, қала жұртшылығымен кездесті.

Мемлекет басшысы сапар аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысып, бұл жобалардың ұлт руханиятына сүбелі үлес қосатын бастамалар болуы тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Семей жерінің ұзақ жылдар бойы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан өңір екеніне тоқталып, полигон зұлматы 500 мың адамның өмірі мен тағдырына тікелей зиянын тигізгенін айтты.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев полигон зардабын тартқан азаматтарға жасалатын жеңілдік лайықты деңгейде болуы қажет екеніне баса мән беріп, қазір «Семей полигонындағы ядролық сынақтың тауқыметін тартқан тұрғындарды қорғау және оңалтуға арналған бұған дейінгі шаралардың тиімділігі» жөнінде арнайы зерттеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Семей қаласының бүгінгі ахуалына байланысты жүзеге асырылатын бір­қатар міндеттерді атады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшылығына Семей қаласын дамытудың 2025 жыл­ға дейінгі арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды