«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Президент өз әрекетімен мемлекеттікті сақтап қалды

0 54

Қаңтар оқиғасы билікті күшпен басып алу мақсатымен ұйымдастырылған. Құқық қорғаушы Айман Омарова Мәжілістің жалпы отырысында осындай пікір білдірді. «Қаңтар күндерінде не болғанын бәрі білгісі келеді.

Без названия (1)

 

Бұл бейбіт митингілер болды ма, әлде билікті күшпен басып алу әрекеті болды ма? Қаңтар оқиғаларының негізі билікті күшпен тартып алу әрекеті болғаны күмәнсіз деп топшылаймыз. Қылмыстық құқық бұзу фактілерінің бәрі осы басты мақсатқа қол жеткізудің тәсілі болған. Билікті күшпен басып алудың Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігінде мынадай диспозициясы бар. «Билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер немесе билікті күшпен ұстап тұру әрекеттері – Қазақстан Конституциясын бұзу немесе Қазақстан Республикасының конституция­лық құрылымын күшпен бұзу» деді заңгер. Сондай-ақ оқиғаны тұрақтандыруда Президенттің рөлі қандай болғанын атап өтті. «Бұл хаосты Президент қана өзінің әрекетімен тоқтатып, мемлекетті сақтап қала алды. Мұны атап айту керек» деді Айман Омарова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды