ПРЕЗИДЕНТ МАЛАЙЗИЯ ХАЛҚЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

0 88

ак орда

Елбасы «Malaysia Airlines» авиакомпаниясы MH17 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Разакқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта «Malaysia Airlines» компаниясының «Амстердам – Куала-Лумпур» бағыты бойын­ша ұшқан ұшағының Украина аумағында апатқа ұшырауы салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өз атынан Наджиб Тун Разакқа, сондай-ақ қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 20 =