ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

0 118

Тұңғыш Президент күні  биыл екінші рет аталып өтіледі. Осы мереке аясында еліміз бойынша көптеген әлеуметтік шаралар ұйымдастырылады.  Елордамыз Астана қаласында да бірқатар қайырымдылық шаралар өткізу жоспарланған.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша Тұңғыш Президент күні қарсаңында жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік атаулы көмек алушы 200 отбасына азық-түлік жиынтығы, Ұлы Отан соғысының  қатысушылары мен мүгедектеріне 20 000 теңгеден, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 10 000 теңгеден, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 000 теңгеден беріледі. Әлеуметтік көмек көрсету акциясы қараша айының 28-30 аралығында жүргізіледі. Жалпы, ұала бойынша әлеуметтік көмекпен 7000 адам қамтылатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 4 =