ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫ: төртінші турнир

0 73

Астанада осы аптаның жұма күні шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін ІV халықаралық турнир басталады.

«Қазақстан» спорт сарайында өтетін дәстүрлі жарысқа ҚХЛ чемпионатында өнер көрсететін «Амур», «Витязь», «Югра» және өзіміздің «Барыс» командасы қатысады. Турнир ойындары 9, 10 және 12 тамыз күндері өтеді.

Бұған дейін Қазақстан Рес­пу­бликасы Президенті кубо­гын 2010 жә­не 2011жылдары «Барыс» (Астана), 2012 жылы СКА (Санкт-Петербург) клубтары жеңіп алған.
«Барыс» кеше ғана Швей­царияда өткізілген оқу-жаттығу жиындарынан оралды. Дайындық барысында жер­гілікті «Давос» командасымен екі кез­де­су өткізді. Бірінші ойында астана­лықтар 5:2 есебімен жеңіске жетсе, екінші ойында алаң иелері 3:1 есебімен басымдық танытты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + two =