«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Президент кубогы ресейге кетті

0 12

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ITF World Tennis Tour W60 челленджер турнирінің финалында қазақстандық Денис Евсеев пен әлемнің 151-інші, осы жарыстың бірінші ракеткасы болған ресейлік Роман Сафиуллин кездесті.

204150_df24d29f605e965e08278a47b71f085d

Бірінші партияда жерлесіміз 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда екінші сетте Р.Сафиуллин 6:4 есебімен жеңіске жетіп, есесін қайтара білді. Ал өте шиеленісті жағдайда өткен шешуші партияда ресейлік теннисші тай-брейкте жеңісті жұлып әкетті.

Әйелдер арасындағы турнирдің жеңімпазы да тай-брейк­те шешілді. Ақтық сында жапониялық Моюка Учиджима үздік шықты. Ол финалда сербиялық Наталья Стефановичті  6:3, 7:6 есебімен ұтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды