Президент кардиохирургия орталығына барды

0 10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді.«Ұлттық ғылыми кардио­хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя Президентке науқастарды емдеу және диагнос­тика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.
– Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба, – деді Президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде. Кездесу соңында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды