Президент Әкімшілігінің басшысы мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды

0 101

   20120209135300

 ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары институтын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

     Ақордада Президент Әкімшілігі басшылығы және министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшылары қатысқан кездесу барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын пайдалану, сондай-ақ стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді атқару саласындағы жұмысында кездесетін негізгі проблемалар талқыланды.

    Бұдан бөлек, орталық атқарушы органдардың ағымдағы жұмысының түрлі мәселелерін талқылау және шешу мақсатымен Президент Әкімшілігі басшысының жауапты хатшыларымен апта сайынғы кездесуін өткізу тәжірибесін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

     Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппараттың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − one =