Праймериз партияға серпін берді

0 62

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Алтай Көлгінов партияішілік сайлау – праймериз астанада қалай басталғаны туралы айтты. Бүгінде праймеризге қатысуға 40-тан астам азамат өтініш берді. Олардың 9-ы – әйел, 20-сы – 35 жасқа дейінгі жастар.

– Еліміздің саяси тарихында тұңғыш рет праймериз республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. 2019 жылы «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы іске қосылды. Басым бағыттардың бірі – «ядролық электоратты» шоғырландыру. Басты міндет – қала тұрғындары мен қала үшін қажет бастамалардың басында болатын қоғамның ең белсенді және беделді мүшелерін біріктіру. Бұл ашық партияішілік сайлау – праймериз маңызды міндеттерді орындауға серпін береді.
Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, праймериз – әр тұрғынға өз үлесін қосуға, қала мен елдің дамуына өзінің көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік лифт. 17 тамызда басталып, 2020 жылдың 3 қазанында аяқталатын праймериз барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне немесе мәслихаттарға алдағы сайлауға партиялық тізімдер жасалады. Еліміздің барлық аймақтарындағы партия мүшелері қоғамның жоғары сенімі мен қолдауы бар ең беделді партия жетекшілерін дербес анықтайды, – деді Алтай Көлгінов.
Жалпы, елордада праймеризге 42 мыңнан астам партия мүшелері дауыс береді. Дауыс беру 1-2 қазан күндері онлайн режимде өтеді. Белгілі бір себептермен ғаламторда дауыс бере алмайтын партия мүшелері үшін 3 қазан күні 39 сайлау учаскелері ашылады. Олардың әрқайсысы бейнебақылау жү­йесімен, компьютерлік техникамен және сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ететін басқа да атрибуттармен жабдықталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − five =