Полицияға сенімді арттыру керек

0 59

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады.

Президентке Ішкі істер министрлігінің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен криминогендік ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар Президентке бұрын берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы есеп берілді.
Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрлігі жүйесінде 2021 жылдың «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» деп жарияланғанын айтып, ішкі істер органдарын реформалау жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуына егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда жұмыстың сервистік моделін енгізу, «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жөнінде сөз болды.
Мемлекет басшысына ішкі істер органдарының қызметін цифрландыруға қатысты жобалар, азаматтарға полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін «Police 102» мобильдік қосымшасын іске қосудың алғашқы нәтижелері туралы баяндалды.
Президент азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруда айтарлықтай жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін сапалы реформа жүргізу қажеттігіне баса мән берді.
Осы ретте Ішкі істер министрі кадрларды іріктеу жүйесінің жетілдіріліп жатқаны, жаңа біліктілік талаптарының бекітілгені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің қалыптасуы, идеологиялық және имидждік жұмыстардың күшейтілгені жайында мәлімет берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 1 =