ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТІҢ ЗИЯНЫ КӨП

0 1  215

1389356450-931110-24973

«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы полиэтилен пакеттерден бас тартып, матадан немесе қағаздан жасалған сөмкеге көшуге үндейді. Осы мақсатта қозғалыс Астанада «Эко пакет» жобасын жүзеге асыруда.

Қозғалыс белсенділерінің айтуынша, полиэтилен пакеттің бәйгісі әрі кетсе – жарты сағат, тез жыртылып қалады, ал бірақ ол қоқыс күйінде қоршаған ортада органикалық зат ретінде тез шіріп кетпей, ондаған жыл жата береді. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, әр тұрғын жылына шамамен 300 пакет қолданады екен. Ал, егер бір адам одан бас тартса, жылына 50 литр мұнайды үнемдер еді. Қазір «Қазақстан – 2050» қозғалысы қазір астаналықтар матадан тігілген эко-сөмкелер мен қағаздан жасалған қаптамаларды супермаркеттерден сатып алуға қаншалықты дайын, қаншадан сатса өтімді болады деген мәселелер бойынша сауалнама жүргізуде (сауалнамаға https://ru.surveymonkey.com/s/WVNSTFH сілтемесі арқылы өтіп қатысуға болады). Одан бөлек, 15 қараша – Дүниежүзілік қайта өңдеу күніне орай қозғалыс белсенділері полиэтилен пакеттерден бас тарту жөнінде акция өткізбекші.

Еділ БӨКЕЕВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + fifteen =