Пневмониямен ауырғандар саны азайды

0 48

Нұр-Сұлтан қаласының жұқпалы аурулар стационарының басшысы Татьяна Цечоева елордадағы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет берді.«Біздің көпбейінді медициналық орталық изоляторында қайтыс болған науқастар мәселесін айтатын болсақ, 4 ай ішінде стационарда 46 науқас көз жұмды. Қайтыс болғандар саны – 1,6%. Мау­сым, шілде айында көрсеткіш күрт өскені байқалады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, науқастар 50%-дан 100%-ға дейінгі көлемде өкпе тіндерінің қабынуымен түседі. Демек, медициналық көмек сұрайтындардың дені кешігіп жеткізіледі. Дегенмен, соңғы аптада науқастардың, оның ішінде ауыр халде түсетіндердің саны азайғаны байқалады. Мәселен, қалада амбулаториялық кезеңде медициналық көмекті ұйымдас­тырудың арқасында пневмониямен ауырып түскен науқастар саны 20 пайызға азайған» деді стационар басшысы.
Дәрігердің пікірінше, нау­қастар ауру басталғаннан кейін 7-10 күн өткеннен соң барып қана ауруханаға жүгінеді. Қауіпті себептің бірі – науқастың жасы. Бұл жасы 70-тен асқан азаматтар үшін өте қауіпті. Ал 1950-1960 жылы туған науқастар арасында көз жұмғандар саны біршама аз. Тағы бір себеп, науқастардың жасына байланысты қосалқы ауруларының да болуы, жағдайды одан сайын ауырлата түседі. Семіздіктен зардап шегетін, қант диабеті бар, жүрек-қан тамырлары жүйесі ақаулары бар науқастардың (жүректің ишемикалық ауруы, инфаркт болуы) көз жұму ықтималдығы жоғары. Ал жастар арасында бұл өте сирек кездеседі.
Қалада коронавирусқа шалдығу бойынша 7887 жайт тіркелді, олардың жартысынан көбі – 5155 емделіп шықты. Көз жұмғандар саны – 81 адам.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + nineteen =