ПЛАЗМАФЕРЕЗ ӘДІСІ КЛИНИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ӨТЕ КЕҢ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

0 320

Жұлдыз ДАНБАЕВА, Астана қаласы Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығының бас дәрігері:

– Сәлеметсіз бе, Жұлдыз Сейт­қамзақызы?! Сіздің орталыққа жеңіл көлікпен келу өте қиын. Себебі, мекеме алдында үнемі көп автокөлік тұрады. Ал, орталыққа кірер жолда шлагбаум бөгет жасап тұр. Мұндай қиындықтар не себептен туындайды?
– Диспансерге кірер жолдағы шлагбаум қаладағы барлық медицина ұйымда­рын­дағыдай мамандандырылған меди­ци­на­лық автокөліктің зертхана талдауларын (Вассерман реакциясына қанды зерттеу) тасымалдауға және қабылдау бөліміне науқастарды дер кезінде жеткізу мен ас әзірлейтін бөлікке азық-түлікті әкелуге арналған. Сондай-ақ, орталыққа келудің тағы бір қиындығы тиесілі ай­маққа көршілес ұйымдардың, атап айт­сақ, Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасы, Алматы аудандық соты, №2 қалалық емхана, «Сулпак» СО, бизнес-орталық, Астана-Технопарктің автокөлік тұрақтарының жақындығынан деуге болады.
Орталық емделушілері, тері аурулары мен дерматоздың жұқпалы түрімен ауыратындықтарынан, айналасындағы адамдарға жұқтыру қаупі жоғары. Сол себепті, бөгде адамдар мен бөтен автокө­ліктердің орта­лыққа тиесілі аймақта еркін жүруіне шек­­теу қойылған. Кез келген автокөліктің тие­сілі аймақта еркін жүруі емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді.

– Аты-жөнім – Айткүл Оспан­қызы. Балам бетіндегі безеуді кос­метологиялық салонда емдеткен еді. Бірақ, бөртпе іздері қалып қойды. Сіздің орталықта безеуден қалған бөртпені емдеуге бола ма?
– Иә, Айткүл, безеу бөртпесін біздің орталықта емдеуге болады. Оның ауыр­лығы мен емдеу процесінің таралуына байланысты емдеу түрі стационар орнын алмастыратын күндізгі стационарда және стационар деңгейінде жүргізіледі. ТМКК шеңберінде дерматолог дәрігердің кеңесін алу үшін өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бо­йынша тіркеудегі емханаға жүгінуіңізге немесе дәрігердің қабылдауына жазылуыңызға болады. Ол 39-64-59 телефонына хабарласу арқылы жүзеге асырылады.

– Менің Көкшетау қаласында тұратын туысқаным псориаз ауруымен ауырады. Ол кісінің сіздің орталықта емделуге мүмкіндігі бар ма?
– Стационарда ем қабылдау – Ден­сау­­лық сақтаудың бірыңғай жүйесінің бір принципі. Егер басқа қаланың ем­делу­шісі біздің орталықта емделгісі келсе, ол кісі тұрғылықты жері бойынша тері-венерология диспансеріне госпитальдау бю­росы порталының кезекке тұру парағына емделушінің мәліметін енгізу үшін жолығуы керек. Емделушіні госпитальдеу бізбен келісіліп, госпитальдау күні белгіленеді.

– Қайырлы күн, Жұлдыз Сейт­қамзақызы! Дерматолог дәрігердің қабылдауына қалай жазылуға болады?
– ТМКК шеңберінің тізіміне сәйкес, кеңес-диагностикалық көмек алу үшін Сіз өзіңіздің тұратын жеріңізге қарасты емханадан жолдама алуыңыз қажет. Дә­рігердің қабылдауына жазылу телефоны: 39-64-59. Ақылы кеңес көрсету қызметі шаруашылық-есеп бөлімінің 207, 209, 210-кабинеттерінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда емханадан жолдама қажет емес.

– Орталықтың ресми сайтынан плазмаферез туралы оқыдым. Есімім – Нұрболат. Осы ем-шара ақылы ма және қанша тұрады?
– Нұрболат, мембрандық плазмаферез емделушілердің қанын детоксикациялау үшін, яғни созылмалы жұқпалы аурулардың токсиндерін жою мен әртүрлі этиологияларда, аутоиммундық ауруларда, сондай-ақ аллергияның бірнеше түрі мен бұлшық ет пен терінің жүйелі аурулары кезінде қолданылады. Бүгінгі таңда плазмаферез әдісі клиникалық тәжірибеде өте кең қолданылады. Гемаферез бойынша Бүкіләлемдік Ассоциациясының хаттамасына сәйкес кешенді емдеу 200-ден астам ауруды плазмаферезге кіргізеді. Бекітілген баға прейскурантына сәйкес, ем-шараның бағасы 19900 теңге. Емшара санын емдейтін дәрігер белгілейді.

– Жұлдыз Сейтқамзақызы, айты­ңызшы: егер сіздің және басқа дәрі­гер­лердің жолдамасы болмаса, микро­реакцияға талдау тапсыруға бола ма?
– Маманның зерттеу жолдамасынсыз микропреципитация әдісімен мерезге шаруашылық есептеу бөлімінде ақылы негізінде тапсыруға болады.

– Бағасы қанша және қайда жо­лығуымыз керек?
– Ол орталықтағы 207, 209, 210-кабинеттерде жүргізіледі. Зерттеудің бағасы – 500 теңге.

– Менің бет терімде бөртпелер пайда болғандықтан, танысым де­мо­декске зерттел деп кеңес берді. Бір­­неше жекеменшік клиникаларға теле­фон шалып едім, оларда бұл зерт­теу жүргізілмейді екен. Сіздің кли­ника­ңызда демодекске зерттелуге бола ма?
– Иә, ол біздің орталықтың клинико-диагностика зертханасында жүргізіледі.

– Жақында Астанаға көшіп кел­генбіз. Қызым 10 жылға жуық ви­тилигомен ауырады. Алматыда емдел­генімен, жаңа дақтар шыға береді. Жалпы, бұл ауру емделе ме?
– Иә. Ең тиімдісі, ПУВАтерапиясы. Бұл – жұмсақ ұзақтолқынды ультракүлгін сәулелері және псорален – дәрі құрал­да­рының теріге қиыстырылған емдеу ық­палын жасайтын әдіс. Біздің орталықта ПУВА аппараты бар, бұл әдіс витилигоны емдеуде қолданылады. Жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз.

– Баламның қолына сүйел шы­қанына 2 жыл болды, халықтық ме­дицинаның көмегімен, яғни шөп­термен емдеп көрдік, жазылмады. Сіз­дерде сүйе­лді емдеуге бола ма?
– Иә, бізде сүйелді 220-кабинетте сұйық азотпен күйдіреді. Осы мәселеге байланысты барлық сұрақтарыңыз бойынша 22-70-70 немесе 39-64-59 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =