«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Пирамида» жаңғырады

0 365

Бақыт Сұлтанов Бейбітшілік және келісім сарайында болып, ерекше ғимараттың жұмысымен танысты.

Алдағы уақытта бұл ғимараттың ішкі көрінісі жаңа мазмұнға ие болмақ. Бұл өзгерістің қалайша жасалатыны жөнінде қала басшысына «Құланшы» заманауи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат таныстырды. «Біз нысанды жаңа энергиямен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда сәулетші Норман Фостер ойлап тапқан стильге сәйкес келетін барлық бөлмелердің әдемі, жайлы болуын қалаймыз. Сонымен бірге осында өтетін мәдени бағдарламалардың үйлесімділігіне де маңыз берілетін болады» деді ол. Сондай-ақ аталған сарайда коворкинг орталығын құру жоспарланып отырғаны мәлім болды.
Мұнымен қоса, қала әкімдігі Президенттік саябақты қайта жаңартуды жобалап отыр. «Біз жобаны жүзеге асыратын авторды анықтадық. Саябақ құрылымына «Энциклопедия саябақ», «Ежелгі өнер және технологиялар мұражайы» сынды толықтырулар енгізіледі. Авторлар кесте дайындап, құрылыс екі кезеңге бөлініп жүргізіледі. Саябақ пен оған іргелес аумақтар жаңартылады» деді Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев.
Елорда басшысы Бейбітшілік және келісім сарайының ішкі өзгерістері бойынша ұсынылған жобаны қолдап, жауапты мамандарға ғимаратқа толық техникалық сараптама жүргізуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды