Пікірсайыс турнирі мәресіне жетті

0 15

Елордада «NUR-SULTAN DEBAT CUP 2020» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталды. Пікірсайыс 12 қазанда басталып, 25 қазанға дейін созылған. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласының 16 жоғары оқу орны және 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысқан.

ZOOM алаңында онлайн-режимде өткізілген пікірсайыс ҚР Конституция­сының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған. Шара барысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күніне орай тақырыптар қозғалған.
«Біз дамушы демократиялық елдердегі пікірсайыс институтындай бола аламыз және қазір жасап жатқан дүниелеріңіз соған бір қадам жақындата береді. Сіздерге тек қана сәттілік! Сіздерден болашақ саясаткерлер шығатынына сенімдіміз» деді Ұлттық Пікірсайыс Федерациясының президенті Болат Бұхарбай. Жеңімпаздарға арнайы сертификаттар, қаржылай сыйлық және бағалы заттар табысталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 4 =