ПИК-терге КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

0 92

 

 

Бас шаһарымызда сәні мен сәулеті келіскен көп қабатты үйлер аз емес. Олардың өзіндік түйінді мәселелері де баршылық. Солардың бірі – тұрғындар мен ПИК басшылары арасында болатын келіспеушіліктер. Міне, осындай кикілжіңдер туындаса, оны қалай шешуге болатыны жөнінде елорда ПИК-тері қауымдастығының төрағасы Мизамбек Кенжебаев әңгімелейді.

– Аталған қауымдастықты құрған­дағы мақсаттарыңыз не?
– Біздің ПИК қауымдастығын құрудағы басты мақсатымыз – ПИК төрағалары арасында ҚР «Тұрғын үй қатынастары» заңына байланысты, онымен жан-жақты танысу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, пәтер иелері мен ПИК төрағаларының арасында болатын дау-дамайларды реттеуге тырысамыз. Оларға заңдық тұрғыда көмектер көрсетеміз. Атап айтқанда, кондоминиумды тіркету үшін қыруар қаржы керек болып, қиналатын жағдайда біз ондай көп шығын шығармай-ақ тіркетуге қол ұшын созамыз. Бұдан бөлек, ПИК-терге заңдық көмек ретінде шағын кітапшалар басып шығарамыз. Мүгедектердің өтініштерін де жерде қалдырмай, құлақ асып отырамыз.
– ПИК-тердің жұмысына бақылау жасайсыздар ма?
– Біз оларға бақылау жасау үшін емес, қол ұшын беру үшін құрылғанбыз. Негізі, ПИК төрағаларын тұрғындардың өзі жалпы жиналыстарында сайлайды. Меніңше, төраға өте іскер, құрылыс пен инженерлік саланы жақсы білетін адам болғаны дұрыс. Сонда ғана ПИК-тің жұмысы тез жанданады. Расы керек, бізде ПИК төрағалары тұрғындардың пәтерлерінің әр шаршы метрі үшін төленетін жарналарын жылдар бойы төлемей, зәрезап ететіндерін айтып, жиі шағымданады. Ал, ақша төлемеген жерде жұмыс қалыпты жүргізілмейтіні белгілі. Өйткені, сантехник, аула сыпырушы, еден жуушы сияқты жұмысшыларды ұстау үшін де оларға уақытында еңбекақысын беріп тұру керек. Оны төраға тек сол тұрғындардан түскен ақшадан береді.
– Тұрғын үйдің кіреберісін, төбесін, жертөлесін кім жөндейді?
– Егер тұрғындардың барлығы жар­наларын уақытында төлеп тұрса, ПИК-тердегі кәсіби мамандар жөндеуі тиіс. Қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша бұл мәселе көпшілік жерде оң шешімін тауып та жүр. Ал жалпы
үй қажеттілігіне жұмсалатын электр қуатын ПИК төлей ме, әлде тұрғындар «Астанаэнергосбытқа» тікелей төлей ме деген мәселеге келетін болсақ, қалай төлесеңіз де сіз ұтылмайсыз. Өйт­кені, Үкіметтің 2000 жылғы №1822 қаулысында ПИК төлеуі тиіс деп көр­сетілгенімен, ҚР «Тұрын үй қаты­нас­тары туралы» заңда жалпы үй мұқ­таждығына қажетті шығындарды тұрғындардың өзі төлейді деп көрсе­тілген. Сондықтан, қалай төленсе де, ол далаға кетпейді. Өз үйіңіздің мүддесі үшін жұмсалады.

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =