«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Петербург пен Челябіде Астана күндері өтеді

0 123

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Тө­тенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин 2019 жылға жоспарланған Петер­бург пен Челябідегі Астана күндерін өткізудің дайындықтарын талқылады.

Тараптар 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталатын Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметі арасындағы екіжылдық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың алдын ала қорытындыларын талқыға салды. Алексей Бородавкин ресейлік тараптың «жүйелі және жоспарлы ынтымақтастықты» жалғастыруға мүдделілі­гін танытты. Ол сондай-ақ алдағы жылдарға өзара іс-қимылдардың жаңа бағдарламасын жасауды ұсынды. «Елшілік Астана мен Мәскеудің арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтуға толығымен мүмкіндік туғызуға ұмтылады» деді елші.
Бақыт Сұлтанов елшінің ұсынысын бірден қол­дады. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Астананы дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясын әзірлеуге кірістік, – деді қала басшысы. – Осы құжатты жүзеге асыру барысында әлемдегі әртүрлі қалалардың урбанистикалық дамудағы халықаралық тәжірибесін зерттейміз. Аса ірі мегаполис ретінде Мәскеудің тәжірибесі біз үшін аса қызықты болары сөзсіз».
Елорда әкімі бүгінгі таңда мемлекеттер ара­сындағы бәсекелестік қалалардың бәсекелестігіне ауысып жатқанын тілге тиек етті. «Бірақ бұл жағдайда әңгіме тек бәсекелестік туралы емес, сондай-ақ өзара тиімді кооперация жөнінде болып отыр» деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды