Пернетақтаға өзгеріс қажет емес

0 133

Бұл жаңа әліпбиді «Алтын көпір» деп атаудың терең символикалық мағынасы бар. Ол Ұлы Дала елі, қасиетті Қазақстан мен дүниежүзілік өркениет арасында алтын көпір болса деген үмітім еді.

Бейбіт ӘМІРБЕК,
тіл маманы, Германияның Кельн қаласындағы «Карл Дуйсберг Геззельшафт» қоғамы халықаралық
сертификатының иегері

 

 

 

 

 

 

Негізгі ұстанған қағидаларым, біріншіден, әрбір дыбыс­қа жеке символ бе­рі­леді. Кириллицадағы ъ (жуан­дық белгісі) «и» әрпі ар­қылы, ь (жіңішкелік белгісі) апос­троф арқылы, щ әрпі (ашшы, тұшшы) деп жазылмақ. Қосарланған дыбыстардан тұ­ратын Ё (ио), Ю (иу), Я (иа) әріптерінің қажеті жоқ. Ал кірме дыбыстар Ф, Ц, Ч, әріптерін мынау технократия­лық заманда алып тастауға болмайды. Фото, фантастика, фирма, цех, цикл, цитрамон, чат, чартер, чемпион т.б. сөздерді жазу қиынға соғады. Оь Ұлттың, мемлекеттің атауы
Қ әрпінен басталатындықтан, Q әрпі алынды.
Қазақ тілінің фонетикасындағы төл дыбыстарымызды оқшаулай бермей (бұл егіз дыбыстар) бір символмен ғана белгілеу керек (аә, гғ, иі, нң, оө, ұү, хһ). Тек біздің төл дыбыс­тарымызға ағылшын, француз әліпбиіндегі жұмсақтық белгісі апостроф қойылса, болды. Мысалы: А – Ә (А’), Г – Ғ (G’), И – І (І’), н – ң (n’), О – Ө (О’), Ұ, Ү – (U’), һ (қаһар) – (һ’).
Бұл әліпбидің нұсқасында латынның 24 символы алынған, себебі екі симолдың Х пен W (дубль вэ) әріптерінің қажеті жоқ, неге десеңіз, K, S әріптері жоғарыда бар (EXPO – ЭКСПО), W (дубль вэ)
дегеніңіз, қосымша В әрпі деген сөз, ондай әріп В – V тағы бар, сөйтіп мен өз жоба-
ұсынысымда 24 әріппен шектелдім.
Ұсынылып отырған әліппенің нұсқасы дүниежүзі пайдаланып отырған «Qwertу» пернетақтасына негізделіп жасалған. Сондықтан әлемнің қай түкпірінде жүрсек те, қазіргі заманғы планшет, смартфон, гаджеттерді қолдану арқылы жазуға мүмкіндік мол. Елбасы айтқандай, жаңа әліпбиді жасауда әртүрлі диакритикалық белгілер мен диграфтардың қиындық тудыратынын айтып, барынша стандарттық пернетақтаның символдарын пайдалануды тапсырған еді.
«Qwertу» пернетақтасында кириллицадағы жіңішкелік белгісі Ь жоқ. Бірақ вальс, альянс, автомобиль, коньюнктура т.б. сөздерді жазу жіңішкелік белгісінсіз көзге оғаштау. Сондықтан бұл жерде де апостроф пайдалануға болады (Мысалы: val’s, al’ians, avtomobil’, kon’iunktura т.б).
Осы «Алтын көпір» әліппе нұсқасын пайдалана отырып, тіпті ертеңнен бастап қазақша мәтіндерді тере беруге болады. Пернетақтаға ешқандай өзгеріс жасау қажет емес. Бұл нұсқаның «жеңіл жазу» деп аталатын себебі, мәтіндерді кириллицадағы 42 әріппен термей, латынның 24 әрпімен апостроф арқылы теру болмақ. Сөйтіп, қазақ тілінде жазуды тез үйренуге, тілді жылдам меңгеруге жағдай жасалмақ.

Диграфтардың «дархандығы»

ҚР Парламенті қабырғасында таныстырылған латын әліпбиі жобасы әлі де болса қайта зерделеуді қажет етеді. Дархандық емей не, бір «шаш» деген сөздің жазылуы 6 әріпке дейін көбейеді. Қазақтың қасиетті «тәңіршілдік» деген сөзі 11 әріптен 17 әріпке барады – taengiershieldiek – жазылуы да, оқылуы да қиындайды.
Мәжілісте қаралған әліпбидің нұсқасы қабылданса 4-5-6 әріптен тұратын біздің төл дыбыстарымыз бар сөздер 7-8-9 әріптермен жазылатын болады.
Мысалы: мәңгі ел – maenggie el, Шәкір – Shaekier, үкілі – uekielie т.б., ал шаш сөзі тіпті 6 әріп shaesh болады.
Егер де осы 8 диграфты пайдаланып қазақтың майы тамған, иісі сіңген әдемі сөздерін келтіріп бір бет мәтін жазып, газетке басса, халық оны оқыса не дер еді?
8 диграф дегеніңіз – мен ұсынған «Алтын көпір» әліпби нұсқасындағы 24 әріптің 33 пайызы, 3 беттік материалға 4 бет кетеді. Ал респуб­лика аумағында бұл қаншама уақыттан ұтылу, қағаз бен бояуға қаражат кетіру. Бәрінен де 1-сыныпқа келген 6-7 жастағы балақайларға ауыр соғады.
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжан былай дейді: «Басқалар ұсынып жатқан бір дыбысқа 2 әріп таңбалау деген нұсқалар да бар. Бірақ ол өте қолайсыз. («Қазақстан Zaman» газеті, 20 қыркүйек 2017 ж.) Ал «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы: «Латын пернетақтасында 26 әріп пен «apostrophe» белгісі бар. Осының негізінде тіл нормаларын бұзбайтын әрі қолданысқа қолайлы қазақ алфавитін жасауға әбден болады».
Бірақ ең қауіптісі алда. Журналист Д.Елдес «Қазақ үні» газетінде орыс тілінде жазған «Один звук – одна буква» деген мақаласында мынадай абзац бар: Евгений Дробязко, журналист, привел немало примеров «курьезного» языка на латинице с использованием диграфов в журнале «Esquire»: Асхана – Ashana, по предлагаемому алфавиту следует читать аШана, не так ли? Или вот намазхана – namazhana, по тому же принципу – намаЖана. Аналогично и с буквой g в сочетании с буквой h она дает Ғ(gh), а в сочетании с n – ң(ng). Теперь представьте, как будем писать слово аңғару. Что-то вроде anggharw? Это как вообще? Вопрошает журналист.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, бұл тек басы ғана. Бір бет терілген мәтінде жоғарыдағыдай 20-30 «курьез» жүреді, сонда не болды? Сөйтіп, қасиетті қазақтың тілін бүлдіріп алмаймыз ба?
А.Байтұрсынов атындағы Тіл білім институтының жетекші маманы Әлімхан Жүнісбеков «Шалқар» радиосына берген сұхбатында: «Мәжілісте қаралған әліпби нұсқасы мақұлдана ма, жоқ па әлі белгісіз. Қауым ұтымды жоба, пікірлерді білдіріп жатса, қабылдаймыз» деген еді.
Сонымен «Келісіп пішкен тон келте болмас» деп айтып кеткен бабаларымыздың сөзін ұмытпа­йық. Келешек ұрпақтың, еліміздің, тіліміздің болашағына атүсті қарамайық, ағайын!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × one =