ПАТШАЙЫМ КӨЙЛЕКТЕРІН КӨРГІҢІЗ КЕЛСЕ…

0 169

Сән әлемінің соңғы трендтерін құр жібермейтін сылқымдар үшін сүйінші жаңалық! Ертең елордадағы «Хас Санат» өнер галереясында атақты француз дизайнері Ламин Мохамедтің «Патшайым көйлектері» атты жеке көрмесі ашылады. Үш аптаға созылатын бұл шараның ұйымдастырылуына Францияның Қазақстандағы елшілігі тікелей мұрындық болып отыр.

4

Ламин Мохамедтің көрмелері бұған дейін Еуропа, Америка және Африкада өтіпті. Оның неге соншалықты танымал болғанын білесіздер ме? Өйткені, стилист әйгілі француз патшайымдарына арнап көйлек тіккен. Иә-иә, Ламиннің коллекциясында Фредегонда, Француз Бланкасы, ІІ Француз Жаннасы, Жанна Бурбонская, Изабел Арагонская, тіпті, Констанция Кастильская сынды сұлулардың небір керемет көйлектері бар.

2

Көрмедегі киімдердің басты ерекшелігі, олар «Аватар» фильміндегі бойы үш метрге дейін жететін әйелдерге ғана шақ келуі мүмкін. Осы тұста Стамбұлда жерленген сұлтандардың алып қабірлері еске түседі. Алайда бұдан әлгі көйлектер даңқты Пантагрюэльдің анасы етжеңді Гаргамеллеге сыятындай кең деп түсінбеу керек. Киімдер өте арық әрі бойшаң қыздарға, яғни, бүгінгі таңдағы подиум патшайымдарына тұп-тура.

1

Көйлектердің әр бедері, ою-өрнегі, тігісі бір-біріне ұқсамайтындай ерекше. Анықтап қарасақ, небір керемет детальдарды байқауға болады. «Көп естігеннен бір рет көрген артық» демей ме мұндайда халық?  Ендеше, тиімді мүмкіндікті құр жіберіп алмаңыздар.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 17 =