Пәтермен қамтамасыз етілді

0 105

Астана қаласының Тұрғын үй комиссиясы­ Же­ңіс күнінің 68 жылдығын тойлау қар­­са­­ңында елордада тұратын Ұлы Отан со­­ғы­­сы­­ның 6 ардагеріне пәтер бөлу туралы ше­­шім қабылдады.

Жалпы, елордамызда ҰОС ардагерлеріне пәтер беру тізімі 2010 жылы жойылған болатын. Енді екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың барлығы Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы тізіміне тіркелген жылы мемлекеттік қордан пәтер алатын болды. Комиссия пәтер беруге шешім шығарған ардагерлердің барлығы да кезекке 2013 жылы тұрған. Айта кетейік, 2009-2013 жылдар аралығында Астанада ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне арнап қаланың жаңа тұрғын үй кешендерінен барлығы 210 пәтер бөлінді.
Қазіргі таңда Астанада 291 ардагер тіркелген. Олардың 215-і – ҰОС-на қатысушы, ал, қалғандары – ҰОС мүгедегі.

Тек ҰОС ардагерлері ғана емес, 2013 жылдың басынан бері кезек тәртібі бойынша коммуналдық пәтерлермен қамтылатын әлеуметтік қорғалған айрықша санаттағы 263 азаматқа да арендалық пәтер берілді. Оның ішінде 2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін мүгедектерге, көп балалы отбасыларға, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға, тағы сол сияқты 1986 жылдан 2004 жылдың сәуір айына дейін кезекке қойылған тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобы 11-санатының өкілдеріне 1 мың 391 пәтер бөлінді.

Жыл сайын салынатын және бөлінетін арендалық пәтер көрсеткіші бойынша Астана еліміздегі көшбасшы қалалардың бірінен саналады. Алайда, ішкі көші-қонның жоғарғы көрсеткіші әсерінен коммуналдық тұрғын үй кезегіне тұрғандар саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, 1998-2007 жылдар аралығында пәтер алуға кезекке тұрғандар саны 6 мың адамнан сәл асса, 2008-2012 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 17 мың адамды құрады. Яғни, кезек 220 пайызға дейін артқан. Себебі, тұрғын үй кезегіне мұқтаж ретінде есепке тұруға жыл сайын 5 мыңнан астам азамат өтініш білдіреді. Қазірдің өзінде елордамызда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес баспана алу жеңілдігімен қамтылған мұқтаждар есебінде 26 мың 679 адам тұр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =