БАРЛЫҒЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

0 165

ERA_2198

Мереке қарсаңында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов астаналық ардагерлерге пәтер кілтін табыстады. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға өтініш білдірген соғыс ардагерлері мерейлі мерекені жаңа бас­панада қарсы алатын болды.

Ең алдымен сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы жеңістің 69 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл, ең алдымен, елдік пен ерліктің жеңісі. Сонау сұрапыл жылдарда ерлігімен көзге түсіп, отан қорғау жо­лында жанпида қылған ардагер­лерімізді құрметтеу – бүгінгі ұрпақ алдындағы абыройлы парыз. Бү­гінде Елбасының салиқалы саяса­тының арқасында ардагерлерге барынша қамқорлық жасалуда. Соның бір ғана көрсеткішін айтар болсақ, осы Астанада ардагерлер толықтай пәтермен қамтамасыз етілген. Бейбіт өмірдің берекесіне айналған абзал майдангерлер бар­лық құрметке лайық. Олардың көр­ген соғысы мен бейнетін бүгінгі ұрпақтары көрмесін, – деп тілегін білдірді қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Елордада Ұлы Отан соғысының ардагерлері түгелдей баспанамен қамтылған. Мәселен, 2009-2013 жыл­дар аралығында 218 майдангер жаңа баспанаға ие болды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы бас­пана­сын жөндеуді қажет ететін арда­­гер­лердің өтініші әкімдік тарапынан қолға алынуда. Әлеуметтік көмек ретінде астаналық 258 арда­гердің коммуналдық қызмет­ақы­ларын төлеу, қоғамдық көліктерде тегін жүруді қамтамасыз ету, шипажай­ларға тегін емделу қарастырылған.

Сонымен, жаңа баспанаға ие бол­ғандардың қатарында Құбай­долла Садырбеков, Пешімбай Нұ­рым­бетов, Нұрмахан Алпысбаев және Қабимолда Сейітов бар.

Астананың төрінде тұру ойымда да болмаған. «Бейнеттің зейнетін көру» осы шығар. Бізге осындай құрмет көрсеткен қала әкімдігіне ризамын, – дейді қарт майдангер Нұрмахан Алпысбаев.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =