ПӘТЕР БӨЛУ БАСТАЛДЫ

0 104

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарла­ма­сына қатысушыларға пәтерлер бөлу басталды, деп хабарлады astana.gov.kz

Астана қаласының тұрғын үй басқарма­сы­ның хабарлауынша, қазіргі уақытта ком­­му­налдық меншікке Сарайшық көшесінің оң жағындағы (Жұмабаев көшесінің шығы­сына қарай Лот 1 (Лот 5) орналасқан тұрғын үй кешен­дерінен үш бөлмелі пәтерлер тапсырылды.
Осыған байланысты, тұрғын үй ко­миссия­сының 2017 жылғы 24 қаңтардағы отырысында алған балдарға сәйкес осы күнге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтар арасында көрсетілген тұрғын үй кешендерінен пәтерлер бөлу жүргізілді (бөлу бойын­ша тізімді Астана қаласы тұрғын үй басқармасының ресми сайтынан www.uzh.astana.kz көруге болады).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − three =