Пәтер беремін деп пәлеге қалды

0 120

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елордада пәтерін жезөкшелерге жалға берген азаматтың үстінен іс қозғалды. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық соты Махамбет есімді пәтер иесіне 174 мың теңге көлемінде айыппұл салды.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа бап енгізілгені белгілі. Атап айтқанда, жезөкшелерге жалға пәтер берген жеке тұлғалар – 100, заңды тұлғалар – 200, ал шағын және орта бизнес өкілдері – 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Тәртіп сақшылары Астанада жүргізілген іс-шара барысында соңғы екі айда 30-ға жуық пәтер иелерін анықтаған. Оның 12-сі сотқа жолданған көрінеді. Оңай олжаға кенелгісі келген олар жезөкшелердің әрқайсысынан күніне 3-4 мың теңге көлемінде ақша алып отырған.
Естеріңізде болса, бұған дейін өз баспанасын жеңіл жүрісті қыздардың жын ойнағы үшін берген елордалық тұрғынға 411 мың теңге айыппұл салынып еді.
Бұдан былай сот пәтерін жалға берушілерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 341-бабы бойынша (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 10 =