Пәтер алатындар қатары артты

0 14

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік пәтер алатындар санаты кеңейтілді. Енді олардың қатарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері еніп отыр.

– Біз Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп, әлеуметтік пәтер алатындар санатын кеңейттік, енді олардың қатарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кіреді. Бұған дейін бұл тізімге әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет және спорт мамандарын да енгізген едік. Биыл жоғарыда аталған санаттардан өзге ҚИК бағыты бойынша берілетін 1 мың әлеуметтік пәтерге денсаулық сақтау мен білім беру саласының қызметкерлері де үміттене алады. Баспана сатып алуға тағы бір үлкен көмек – тұрғын үй сертификаттары. Оларды бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады. Бұл бағыт бойынша да алушылар санатын кеңейттік. Егер бұрын тізімде тек толық емес отбасылар, көпбалалы жанұялар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар болса, енді тізімге халықтың әлеуметтік осал топтарының барлық санаты кіреді, – деді қала басшысы Алтай Көлгінов.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл елордада қолжетімді баспана құрылысының көлемі үш есеге артты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + six =