Партияға 20 адам мүше болды

0 37

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билетін табыстады.

– Партия күні қарсаңында әртүрлі саладан 20 адамды партияға қабылдадық. Бұлардың ішінде кәсіпкерлер де, дәрігерлер де бар. Бір қуантарлығы, басым көпшілігі – жастар қауымы. Президентіміз бекіткен сайлауалды бағдарламаны орындауымыз керек. Оған тиісті жол картасын бекіттік. Негізгі басымдықтардың барлығын белгіледік. Оның ішінде қолжетімді баспана, жаңадан мектептер салу, медицина саласын жетілдіру, инфрақұрылымдық салалар, шағын бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық бердік. Жаңадан келген мүшелер мұны толық сезініп отыр. Алдымыздағы ең үлкен жауапкершілік – тұрғындардың сенімін ақтау. Біз айқындалған жоспарды нақты іс жүзінде орындайтын боламыз, – деді Алтай Көлгінов.
Партияның жаңа мүшелерінің қатарында медицина қызметкерлерімен қатар, білім, мәдениет, спорт саласының өкілдері мен кәсіпкерлер, инженерлер бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 7 =