©2020 Астана Ақшамы
ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
2 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті қос палатасының бірлескен отырысы өтеді.
V Шақырылым депутаттарының ІІІ сессиясына Елбасы қатысады. Қазіргі таңда Парламент қарауында 35 заң жобасы жатыр. Сессияның ашылу барысында Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың алдында заң қабылдау саласының негізгі бағыттарын айқындап, «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында қабылдануға тиісті заң жобаларына тоқталып өтеді.
Еркежан СӘТІМБЕК