Париж вице-мэрімен кездесті

0 17

Қала әкімі Алтай Көлгінов Париждің вице-мэрі Арно Нгатчамен кездесті.

bc7221927cbc405088ae56396d5babc8

Кездесу барысында қала басшысы мен Арно Нгатча мәдениет, экология, көгалдандыру салаларындағы ынтымақтастық, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ білім саласы тақырыбына да тоқталып, жеке инвестициялар есебінен салынатын мектеп құрылысы мәселесі де айтылды.

«Мұндай кездесулер ынтымақтастықты жандандыруға, жеке инвестициялар тартуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, осы жылдың 9 айында қала экономикасына 730 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарттық. Елордаға, қала тұрғындарына қажетті жобаларды қашанда қолдау­ға дайынбыз» деп жазды А.Көлгінов әлеуметтік парақшасында.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 20 =