ПАРИЖ ТӨРІНЕ КИІЗ ҮЙ ТІГІЛЕДІ

0 205

особенности национальной (7)

Франция астанасы Парижде 31 қазан мен 3 қараша аралығында Астана қаласының күндері өтеді.

Франция – көрме өткізу жөні­нен  тәжірибесі мол ел. Осы тұр­ғыда  елордалық мамандардан құ­рал­­ған делегация әріптестерінің тәжі­ри­бесін зерделейтін болады. Бү­гін­де көптеген француз компаниялары «ЭКСПО-2017» халық­ара­лық көрмесін дайындау және ұйымдастыру жұмыстарына белсе­не қатысуда. Сондықтан, қос мемле­кеттің арасында фармацевтика, туризм, ауыл шаруашылығы сала­­ларында ынтымақтастық ор­на­­ту­­дың жаңа мүмкіндіктері туып отыр.

 Ал,  Астана қаласының күндері аясында Эйфель мұнарасы сәу­леті­­мен көз тартатын қала­да  қазақ этноауылы тігіліп,  көшпен­ділердің мәдениеті мен тұрмысы таныстырылады. «Пале Рояль» алаңында бірегей жоба – ата-бабамыздың мәде­ниеті мен көш­пен­ділердің өр­кен­и­еті, тұр­мыс-тіршілігі көрсе­тілмек.

Париж алаңында шығыс базары үлгісіндегі жәрмеңкеде киіз үйлер тігіліп, ішінде әшекейлер, был­ғары мен ағаштан жасалған бұйым­дар, қолөнершілердің жасаған кәде­сый­лары сатылады.  Этноауылды ара­лау үшін қос бағана ортасына тартылған теріге ұқсатып арнайы жа­салған ерекше карта-сызба ілінеді.

Сонымен қатар, қонақтардың өз қолымен киіз үй тігуіне немесе құмыра жасауына, зергерлердің ше­берлік сыныптарына қаты­суы­на жағдай жасалады.

«Шеберлер ауылы» киіз үйі өзі­нің мол мүмкіндіктерімен, жаб­дық­­тарының әдемілігімен көп­ші­лікті тәнті етпек. Сахна төрінде Аста­на қаласының әншілері мен шығар­ма­шылық ұжымдары өз өнер­лерін ор­таға салады.

Сахна жанына алты­бақан орнатылады. Ал ортаға ту мен тұмарлардың айналасына диаметрі тоғыз метр және биіктігі бес  метрлік Ақ орда – киіз үй тігі­леді.

 Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 7 =