Парасаттылық сабағы

0 63

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Антикор орталығында «Парасат жолы» жобасы аясында ел ағаларымен «Қоғам және парасаттылық» тақырыбында сұхбат өтті. Оған қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар Шәкір Ыбыраев, Серік Негимов, ақын Оңайгүл Тұржан, жазушы, «Парасат жолы» орталығының жетекшісі Сәдібек Түгел қатысты.

Төраға кеңесшісі Жазира ­Жақсылыққызының айтуынша, «Парасат жолы» жобасы аясында қоғам қайраткерлері жемқорлықтың дамуға, өркендеуге кесір болып отырғаны жөнінде өткір пікірлер айтқан. Мысалы, «Ұрлап алған ақшасы бір облысқа жетеді» деген профессор Шәкір Ыбыраевтың сөзінде ақиқат жатыр. «Жақсы дәстүр ретінде қанағат етуді айтуға болады. Жақсы отбасында «қанағат қыл» деп айтып отыру керек. Ол қалай болса, солай өмір сүруге қанағат ету деген сөз емес. Барына қанағат қылу. Белгілі бір нәтижеге қанағат ету. Ашкөздік пен тойымсыздыққа жол берсек, шаруа бітті. Шеті мен шегі жоқ. Оны тоқтататын – тек қанағат сезімі, – деді ол.
Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі ұрлап жатқан, материалдық билік қолына түскен адамның тоймай жатқан себебі де – қанағаттың жоқтығы. «Оларға тамақ, не киім жетпей жатыр ма? Олардың жиып алған ақшасына аудан, облысты асырауға болады. Проблема біреу – қанағатсыздық. Осыны адамның санасына құю керек. Сол кезде көп пәледен құтыламыз. Заңды қатайтып, аттап басса, жазалаудың қажеті жоқ. Саналы социумда саналы заң болуы керек. Еуропаның да бізден ерекшелігі – осы. Олар заңды қатайтып, қырып-жойып жатқан жоқ. Олар саналылықты басшылыққа алып отыр, – деді Ыбыраев.
Профессор мектептегі балалардан бастау керегін алға тартты. Біріншіден, ұлтымыз бен мемлекетімізді сүюге тәрбиелеу керек. Екіншіден, сол мемлекетке зиян келтірмеуді саналарына құю керек, – деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − nine =