«Парасат» орденімен марапатталды

0 41

Кеше қалалық әкімдікте медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметін мүлтіксіз орындағаны және азаматтардың денсаулығын қорғаудағы ерекше еңбегі үшін елорданың көпсалалы медициналық орталығы хирургия бөлімінің меңгеру­шісі қызметін атқарған, коронавирус пандемиясы кезінде алғы шепте болып, осы індеттен қайтыс болған Олжабай Қожағалиев «Парасат» орде­німен марапатталды.

Марапатты дәрігердің ұлы Арман Қожағалиевке қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен табыс етті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three − three =