ПАРАЛИМПИАДАҒА АТТАНДЫ

0 19

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода Паралимпиада ойындары өтеді. Спорттың 7 түрінен 25 спортшы Қазақстан намысын қорғайды. Осы орайда елорда волонтерлері спортшыларымызға қолдау білдіріп, бейнеүндеу жолдады.

«Бойда қайрат, жүректе от барда елімізді талай жеңісімен қуантатын Паралимпиада спортшыларына тек қана сәттілік тілейміз!» деген жастар спортшыларымызға сенім білдірді. Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаровтың айтуынша, бұл шараның мақсаты – Паралимпиада ойындарына еліміздің атынан қатысатын барлық спортшыға қолдау көрсету.

«Бейнеүндеу арқылы барлық Қазақстан жастарын, ел тұрғындарын аталған байрақты бәсекеде спортшыларымыздың рухы биік, өздеріне нық сенімді болуы үшін қолдауға шақыру. Нұр-Сұлтан қаласының волонтерлер штабынан бастау алған шараны 17 өңірдің жастарына жолдамақпыз. Паралимпиада спортшыларын қолдауға арналған бейнеүндеуімізді елорданың жастар ұйымдары, сондай-ақ ЖОО белсенді жастары да арнайы хештегпен түсіріп, жалғастырады» деді Қайрат Қамбаров.

Елорда жастарының бастамасымен қолға алынған бұл шара бейнеүндеумен тоқтап қалмай, әрі қарай офлайн форматтағы акция, флешмобтарға жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =