Пара берген қатаң жазаланады

0 26

Бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздесе, қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғары шегі 7 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы «Antikor ortalygy» алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула айтты.

«Жыл соңында ҚР ДСМ бұрынғы вице-министріне қатысты қылмыс­тық іс сотта қаралды. Сонымен қатар бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша «Горький атындағы орыс театры» РМК, Астана аймақтық электр желілік компаниясы, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті, «Сергек», «Астана халықаралық әуежайы» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты көп эпизодты істер, Экономикалық тергеу департаментінің тергеу­шісінің кінәсіз адамды қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту фактісі бойынша істер аяқталды» деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы. Оның айтуынша 47 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 23 басшы бар. «Жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғары шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл жағдайда автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 18 =