Пандемия құрылысты тоқтатқан жоқ

0 42

Елордада биыл спорттық, мәдени және діни ғимараттар саны артады. Жақында қандай нысандар пайдалануға берілетіні туралы Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.

– Бұл – елорда үшін маңызды нысандар. Қазір құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Пандемия көптеген салалардың жұмысын баяулатса да, құрылыс бағытында қажетті шаралар қабылданды, – Нұрлан Уранхаев.
Халық жуырда игілігін көретін нысандарға тоқталсақ, Тұран даңғылы және №26 мен Е51 көшелері қиылысында жеңіл атлетикалық спорт кешені бой көтереді. Манеж 7 мың көрерменге есептелген. Тиісті жоба бойынша онда жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге болады.
Ғимарат барлық инфрақұрылыммен қамтылады. Ішінде қонақ үй де болады.
23-15 көшесі бойында, ­А.Байтұрсынов пен Ж.Нәжімеденов көшелері арасында Қазақ драма театрының құрылысы аяқталып қалды. Үлкен зал 640 орынға, ал кіші зал 202 орынға шақталған. Мәдени ошақ құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан «Мыңжылдық» аллеясының көрнекті, сәнді орындарының біріне айналады.
Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының қиылысында жаңа мешіт салынып жатар. Республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыр­масына сәйкес жүргізіліп жатыр. Мешіт 30 мың адамға шақталған. Мешіт мұнараларының биіктігі – 130 метр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × four =