ПАЛУАН ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ

0 121

палуан 1

Түркияның Измир қаласында еркін күрестен XVII халықаралық «Жеңімпаздар» турнирі болып өтті. Оған Қазақстан атынан да жасөспірім спортшылар қатысып, тәуір нәтижелерге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, 44 келі сал­мақ­тағы ағайынды Эльвира және Эльмира Әбілқайыровалар екінші, үшінші орындарға тұрақтады. Олардың алдын тек қана Болгария елінің өкілі Елена Селишка орап кетті.

Сонымен қатар, 55 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айгүл Нұрәлім ақтық сында жергілікті палуан Бедия Гүнге жол берсе, жерлесіміз Эмма Тесина қолаға қанағат етіп қайтты. Ал 59 келіде өнер көрсеткен Мәдина Бекбергенова өз салмағы бойынша халықаралық жарыстың үшінші үздік спортшысы атанды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =