«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Паганиниді домбырамен орындады

0 28

Қазақстандық домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз Испанияда өткен Music Box халықаралық онлайн-байқауында «Аспаптық музыка» аталымында топ жарды. Олар 36 елдің аспаптық музыка шеберлері арасында ең жоғары ұпайларды еншіледі.  

Kazakhstanskie-dombristy-proshli-v-final-konkursa-_Golden-Time-Talent_-_-BaigeNews.kz

Халықаралық онлайн-байқауы екі турда өтті. Қазақстандықтар бірінші кезеңнен сәтті өтіп, Никколо Паганинидің авторлық бейімдеудегі «Каприз №24» шығармасын орындап, қазылар алқасын тәнті етті. Екінші кезеңде домбырашылар «Игра прес­толов» телехикаясының саундтрегін орындап, конкурстық бейнеролик түсірді. Номинацияға 36 елдің аспапшылары қатысты.

Жүлде ретінде музыканттар ұйымдастыру­шылар есебінен мамыр айында Испанияда өтетін офлайн-фестивальге жолдама алып, белгілі музыка сарапшыларының жеке шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Домбырашылар Қазақ ұлттық өнер университетінде оқып жүргенде танысып, 2017 жылы жеке дуэт құрды. Темірлан мен Ернат концерттік қызметін университет қабырғасында бастады. Оқу орнының ректоры Айман Мұсақожаевамен бірге олар бүкіл Еуропаны аралады. «I’m a Singer» байқауында ­Димаш Құдайбергеновпен бірге өнер көрсеткеннен кейін танымал болды. Токиодағы Олимпиадада Қазақстан мәдениетінің елшілері қатарынан табылды.

Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз бұған дейін «Үздік аспаптық дуэт» аталымы бойынша «Bridge TV» жүлдесін, «Golden Time Talent» халықаралық фестивалінде бірінші орынды жеңіп алған. Испанияда өткен Costa Brava Music фестиваліне қатысты.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды