Озық әдістер ортаға салынды

0 35

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы онлайн режимде «Тәжірибе алаңы: тіл, әдістеме, нәтиже» тақырыбында тілді екінші тіл ретінде оқыту мәселесіне арналған халықаралық әдістемелік семинар өткізді.

Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым-әдіскерлер мен білікті оқытушылардың тілдерді оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі тілдерді ана тілі және екінші шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.
Онлайн семинарға еліміздегі облыстық Тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, барлығы 300-ден астам тіл мамандары қатысуға ниет білдірген. Семинар тренинг, шеберлік-сыныптар түрінде өткізілді.
Үш күндік семинарда Ұлыбританиядағы «Unicorn Language Sсhool» мектебінің директоры, ағылшын тілінің оқытушысы Сим Роберт, Түркиядағы Гази университеті «Tömer» тілді үйрету орталығының директоры, профессор Незир Темур, Мәскеу қаласының Инновациялық-коммуникативтік лингвистика орталығының директоры, полиглот, синхронды аудармашы Дмитрий Юрьевич Петров, Башқұрт мемлекеттік университетінің оқытушысы, әдіскер-маман Римма Флюровна Мингазетдинова, сондай-ақ Алматы қаласындағы Сүлейман Демирел атындағы университет, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі әдіскерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + three =