«Өзіңізден бастаңыз!»

0 82

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық филиалы партия күні шарасында елорда тұрғындарына үндеу жариялады.«Құрметті елорда тұрғындары! Бұқаралық әуесқой спорт – бұл денсаулықты сақтау, жағымды эмоциялар мен қуа­нышты қарым-қатынас.
Басты миссия мен мақсат – жас ерекшелігі мен мамандығына қарамай, барлық адамдарға салауатты өмір салты мен дене шынықтыруды насихаттау.
Тәні саудың – жаны сау!
Әуесқой спорт – бұл күшті иммунитет!
Үнемі спортпен шұғылданатын адам ғана барлық нәрседе жетістікке жетеді!
Үнемі жүгіру мен веложарыс – спорт әуесқойлары арасында спорттық бәсекелестікті қалыптастырады.
Дене шынықтыру – бұл көшеде қоқыс тастауға немесе табиғатқа зиян келтіруге жол бермейтін моральдық тәрбие.
Нағыз спортсүйер қауым айналадағылар үшін, ең бас­тысы, өскелең ұрпақ үшін жарқын жетістіктер мен нәтижелердің лайықты үлгісі болып табылады!
Нұр-Сұлтан қаласында әуес­қой спортты дамыту – қысқы спорт түрлері үшін үлкен перспектива болып табылады: ол коньки тебу, серуендеу немесе шаңғымен сырғанау.
Дене шынықтырумен айналысу үшін қажетті инфрақұрылымдық жүйе жақсарып келеді, денсаулық жағдайы бойынша әркім өзіне ұнайтын спорт түрін таба алады.
Біз «Өзіңізден бастаңыз!» деп барлық ұйымдардың басшыларына ұран тастаймыз. Өзіңіз үлгі көрсетіп, еңбек ұжымдарында белсенді түрде салауатты өмір салтын насихаттаңыз. Бірлескен сауықтыру жүгірістері мен ұжымдық жаттығулар ұйымдастырыңыз, қызметкерлердің спортпен шұғылдануы үшін қажетті жағдайлар жасаңыз.
Дене шынықтыру – кез келген ұйымның ұжымдық мәдениетінің міндетті бөлігі!
2022 жылды «Бұқаралық спорт табыстың кепілі!» деген ұранмен Денсаулық жылы деп жариялауды ұсынамыз.
Nur Otan партиясы Нұр-
Сұлтан қаласы Есіл аудандық филиалы атынан біздің идеямыз­ға барлық қоғам өкілдерінің қолдау көрсетулерін сұраймыз» деп жазылған үндеу мәтінінде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + twelve =