Өзін-өзі тану – өзекті пән

0 211

Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау департаменті Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы аясында «Заман талабына сай өзін-өзі тану пәнінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізу қажеттілігі» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Бөбек» ұлттық-ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, Астана қаласы Білім басқармасының, Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілдері, сондай-ақ  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты.

Жиналғандар  өзін-өзі тану пә­нінің басқа пәндермен кірік­тірілуін, рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде педагог­тардың біліктілігін артты­ру, өзін-өзі тану пәнінің эле­менттерін қолдана отырып, балаға тәрбие беру, мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, шара ба­ры­сында өзін-өзі тану педа­гогтарының жұмысын насихаттау және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Өзін-өзі» танудың ғажайып әлем­дері» атты көрме ұйымдас­тырылды.

«Бөбек» ұлттық-ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының директоры Қорлан Жампейісованың айтуынша, баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» ру­хани-адамгершілік білімінің қағидалары мен әдістеме-нұс­қауларының қайнар бұлағы – ұлттық, жалпыадамзаттық құнды­лықтардан негіз алады. Жиын соңында аталмыш пән бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − ten =