Өзгерістер кезеңі

0 13

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының музейінде Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің «Өзгерістер кезеңі» көрмесі ашылды. Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

whatsapp_image_2021-11-16_at_18.10.56

Ол қалың жұрттың назарына Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелері орындаған Қазақстанның қазіргі заманғы көркем және сәндік-қолданбалы өнеріне тән үрдістердің кең спектрін ұсынады. Іс-шараны ашқан Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева Елбасы кітапханасының Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағымен серіктестігі жас ұрпақтың шығармашылық тәжірибесіне баса көңіл бөлінетін ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті. «Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел гүлденуіндегі жастардың орны мен маңыздылығын үнемі белгілейтін. Вернисажда ұсынылған туындылар өнер әлеміне алғашқы қадамын басқан жас суретшілердің өмірге, айналадағы құбылыстарға көзқарасын бейнелейді. Бұл жұмыстарда шығармашылық ізденістің инновациялық тәсілдері мен аға буыннан берілген көркемсурет дәстүрлерінің сабақтастығы әдемі сақталған» деді Қ.Ақтаева. Бүгінде Елбасы кітапханасының алаңында шығармашылық еркіндікті бойына сіңірген жаңа ұрпақтың жанры мен шығармашылық қызығушылығы жағынан сан алуан 40 жұмысы алғаш ұсынылды. Көрме 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның материалдарымен https://elbasylibrary.gov.kz сайтындағы «Көрмелер» бөлімінде танысуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =