Өзгелердің өміріне салғырт қарамайық!

0 380

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының ПБ ЖПҚБ жеке құрамымен Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шараларын енгізілу аясында қала тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында іс-шаралар жалғасуда.

Өздеріңізге белгілі, 5 шілдеден бастап полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері жергілікті рейдтік шаралар өткізіп жатыр. Сонымен қатар, мекемелердің қожайындарына және азаматтарға қатаң шектеулі карантиндік шараларды сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сарыарқа ауданының ПБ ЖПҚБ жеке құрамы полициясы қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен моншаларды аралап, кезекті рейдтік-тексерулерін жүргізген кезде карантиндік талаптарды сақтамаған жағдайлардың үстінен шықты.
2020 жылдың 5 шілдесінен бастап қазіргі күнге дейін Сарыарқа ауданы бойынша карантин шараларының талаптарын бұзудың 100-ден аса фактілері анықталған, оның ішінде 26 факті жеке тұлғалармен жасалған, яғни маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау фактілері. Карантин шаралары талаптарын бұзу фактілері көбінесе кәсіпкерлік субъектілерінің арасында орын алуда, кейбір жеке кәсіпкерлермен аталған талаптар дөрекі бұзылуда. Атап айтқанда, 09.07.2020 жылы тексеріс барысында Байсейітова көшесі, 114-үйде орналасқан «Зекен ана» дүкенінен Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын бұзу фактісі анықталған. Тексеріс нәтижелері бойынша жинақталған материал Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСБ департаментінің аудандық басқармасына ­ҚР ӘҚБтК-­нің 425-бабы бойынша шара қолдану үшін жолданды. Алайда жоғарыда аталған «Зекен ана» дүкенінің әкімшілігі анықталған бұзушылыққа қарамастан, карантиндік шаралар талаптарын бұзуды жалғастырған. Яғни осы жылдың 13,15,16 шілде күндері «Зекен ана» дүкенінің әкімшілігі карантин талаптарын бұзғандығы анықталды. Аталған талаптарды сақтамағаны үшін аталған дүкеннің әкімшілігі Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСБ департаментінің аудандық басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 230 АЕК айыппұл салынды.
Сонымен қоса, Сарыарқа АПБ ЖПҚБ қызметкерлерімен бірге Прокуратура, жергілікті атқару органдары, Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСБ департаменті қызметкерлерінен құралған екі мобильдік топпен Сарыарқа ауданы бойынша санитарлық нормаларды сақтауды және дәрі-дәрмектерді бекітілген бағадан жоғары бағамен сату фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі күнге дейін мобильдік топтармен дәрі-дәрмектерді бекітілген бағадан жоғары бағамен сату бойынша 11 факті және медициналық заттарды (маскілер, антисептиктер және т. б.) заңсыз сату бойынша 16 факті анықталған. Анықталған фактілер бойынша жинақталған материалдар Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаментіне және Нұр-Сұлтан қаласының ТКҚСБ департаментінің аудандық басқармасына тиісті шара қолдану үшін жолданған.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа АПБ жергілікті полиция қызметі Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын сақтауды бақылау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Марат ӨМІРБАЕВ,
Сарыарқа аудандық
полиция басқармасының

жергілікті полиция
қызметі бөлімінің бастығы,

полиция подполковнигі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four − 4 =