Өзгеге өмір сыйла!

0 80

Кеше Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері донор ретінде қан тапсырды.

Дәстүрге айналдырған игілікті іске аппарат қызметкерлері түгел қолдау білдіріп, адамның өміріне араша болуға өз үлес­терін қосты. Таң сәріден қан тапсыру орталығынан келген арнайы мамандар донор болған азаматтардың алдымен денсау­лығын тексерді. Қан қысымы өлшеніп, түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталды. Содан кейін ғана донор болу мүмкіндігі берілді.
Мұндай шараға атсалысып, өзгенің өміріне араша болуға ниет білдірген азаматтардың игі істері оң септігін тигізеді деп сенеміз!
Бәріміз біріміз үшін – біріміз бәріміз үшін!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =