Өзекті мәселелерді  ортаға салды

0 32

«Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: сын-қатерлер мен шешімдер» атты ІІ қазақстандық инфекционистер конгресі елордада өтті. Екі күндік шарада осы саладағы жетекші сарапшылар медицина мен денсаулық сақтаудағы жаһандық проблемаларды ескере отырып, аталған бағыттағы ең өзекті және басым мәселелерді талқылады.

5e9d52d1408cb302823389

Конгресте сөз алған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 230 миллионнан астам адам жұқтырған және 5 миллионнан астам адамның өмірін қиған коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде әлем тап болған жаһандық сын-қатерлерге тоқталды. Әлемдік қоғамдастық экономиканы және денсаулық сақтау жүйесін қайта құруға мәжбүр болды, үлкен сынақтарды бастан кешірді және барлық күш-жігерін коронавируспен күресуге бағыттады. «Бүгінде дерт 8 мыңнан 2 мыңға дейін азайды, бұл әріптес­теріміздің, бәріміздің бірлескен жұмысымыздың арқасында мүмкін болды. Осыған қарамастан жұмыс жалғасуда, МСАК, яғни медициналық-санитарлық алғашқы көмекке аса назар аударылуда, мобильді топтардың жұмысы жетілдірілуде, скринингтер, вакцинация жұмыс­тары жандандырылуда» деп атап өтті А.Цой.

Денсаулық сақтау жүйесі тап болған сын-қатерлерді ескере отырып, министрлік өз қызметінің негізгі басымдықтарын қалыптас­тырды, олар халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмысты күшейтуге, бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауға, көлік медицинасын арттыруға, ірі заманауи ауруханалар, сондай-ақ барлық өңірлерде инфекциялық стационарлар салуға, ауыл тұрғындарын фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз етуге, медицина қыз­меткерлерінің жалақысын арттыруға, медициналық ұйымдарды кадр ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 2 =